
Нұрланова Жанар Сағатқызы
"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Нұрланова Жанар Сағатқызы 1986 жылы 3 маусымда Қарағанды облысы, Ульянов ауданы, Ульяновский ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылдың тамыз айында «Жастлек-строй» ЖШС-нің экономисі болып бастаған.
2009 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін «Гелиос» ЖШС филиалында кассир-оператор болып жұмыс істеген.
2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін — іс жүргізуші, «Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі» ММ.
2010 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманының міндетін атқарушы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысында болуына байланысты).
2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қазан айына дейін – коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысында болуына байланысты).
2011 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қазан айына дейін – Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімінің коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі.
2013 жылдың қараша айынан желтоқсан айына дейін – Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі (қайта ұйымдастыруға байланысты).
2014 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін – Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары.
2018 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы.