
Құрманғалиев Манат Сәлімұлы
"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Құрманғалиев Манат Сәлімұлы 1967 жылы 12 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылдың қыркүйегінде Свердлов атындағы совхозда ветеринариялық дәрігер болып бастаған.
1991 жылдың қаңтарынан мамырына дейін – Ульянов аудандық ветеринариялық станциясында 2-санатты ветфельдшер.
1991 жылдың мамырынан қарашасына дейін – Ульянов аудандық ветеринариялық станциясында 1-санатты ветфельдшер.
1991 жылдың қарашасынан 1992 жылдың мамырына дейін – ветеринарлық дәріхана меңгерушісі.
1992 жылдың мамырынан 1997 жылдың тамызына дейін – Ульянов аудандық ветеринариялық бірлестігінде 1-санатты ветеринариялық дәрігер.
1997 жылдың тамызынан 1999 жылдың мамырына дейін – Бұқар-Жырау аудандық ветеринариялық бірлестігінде 1-санатты ветеринариялық дәрігер.
1999 жылдың мамырынан қарашасына дейін – Бұқар-Жырау аудандық ветеринарлық бақылау бөлімінің басшысының орынбасары.
1999 жылдың қарашасынан 2000 жылдың шілдесіне дейін – Бұқар-Жырау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушы, «ҚР АШМ Бұқар-Жырау аудандық аумақтық басқармасы» ММ.
2000 жылдың тамызынан 2001 жылдың мамырына дейін – Бұқар-Жырау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, «ҚР АШМ Бұқар-Жырау аудандық аумақтық басқармасы» ММ.
2001 жылдың мамырынан 2006 жылдың қаңтарына дейін – бөлім басшысы – Бұқар-Жырау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.
2006 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың маусымына дейін – «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы (08.11.2010 ж. «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ болып қайта аталды).
2011 жылдың шілдесінен 2012 жылдың сәуіріне дейін – «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-де келісімшарт бойынша маман.
2012 жылдың сәуірінен маусымына дейін – «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.
2012 жылдың маусымынан 2015 жылдың мамырына дейін – «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы.
2015 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы («Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ Бұқар-Жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 12 ақпанындағы №06/05 қаулысына сәйкес «Бұқар-Жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ болып қайта құрылды).