Искакова Айнагуль Акимовна

    "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы

    Искакова Айнагуль Акимовна
    Руководитель отдела

    Искакова Айнагуль Акимовна

    "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы

    Өмірбаян

    Искакова Айнагүл Әкімқызы 1970 жылы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген.

    1994 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2007 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1987 жылдың қыркүйек айында Нұра азық-түлік комбинатында тігінші-моторист болып бастаған.

    1990 жылдың сәуірінен маусымға дейін Қарағанды аяқ киім фабрикасында аяқ киімнің астыңғы бөлігін жинаушы болып жұмыс істеген.

    1995 жылдың қазанынан 1999 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді Политехникалық институтында кітапханашы қызметін атқарған.

    1999 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың сәуіріне дейін Бұқар-Жырау ауданы ІІБ-де аудармашы болып жұмыс істеген.

    2001 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін ҚР ІІМ училищесінің тыңдаушысы болған.

    2017 жылдың наурызынан мамырына дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

    2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы.

    2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы.