
Өмірбаян
1989 жылы туған. Жоғары білімді. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиясы, Д. Қонаев атындағы көлік құқық гуманитарлық университетін құқықтану, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болып бастап, кейін бас маманы болды.
Әр жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың қарашасынан Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.