
Хасенов Иглик Шарипович
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығы
Өмірбаян
Әділет полковнигі Иглик Шарипович Хасенов 1977 жылдың 14 шілдесінде Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. Білімі - жоғары. 1988 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын "заңтану" мамандығы бойынша бітірген.
1994 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтының тыңдаушысы ретінде қызметін бастады. 1998 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде ІІБ жанындағы ЕС-164/7 ҚАЖ мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, Ақмола облысы ІІБ жанындағы ҚАЖБ ЕЦ-166/25 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, Ақмола облысы бойынша ҚАЖ Комитеті басқармасының жедел бөлімшесінің бастығы қызметтерін атқарды. 2008-2009 жылдар аралығында ҚАЖ комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы ЕЦ- 166/23 мекемесінің бастығы, 2009 жылдан 2010 жылға дейін ҚАЖ комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚАЖ комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары болды .
2019-2021 жылдар аралығында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің жедел басқармасының бастығы болды. 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2024 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы.