Өмірбаян
Білімі жоғары техникалық, 2007 жылы қоршаған ортаны инженерлік қорғау мамандығы бойынша Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ, 2018 жылы құқықтану мамандығы бойынша «Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін» бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Зырян ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бастады. 2003 жылдан 2011 жылға дейін Зырян қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел кезекші, бас маман және бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2011 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың сәуіріне дейін ШҚО мемлекеттік еңбек инспекторы. 2016 жылғы сәуір айынан 2016 жылғы тамыз айына дейін Зырян ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру бөлімінің бастығы. 2016 жылғы 10 тамыздан бастап 2017 жылғы 4 қыркүйекке дейін Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары. 2017 жылғы 5 қыркүйектен Зырян ауданы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы 26 шілдеден 2025 жылғы 14 шілдеге дейін Никольск ауылдық округінің әкімі.
2025 жылдың 21 шілдесінен Алтай қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.