
Болат Аяулым Болатқызы
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімі басшысы
Өмірбаян
Болат Аяулым Болатқызы 1987 жылғы 2 шілдеде Сәтбаев қаласында дүниеге келген
2008 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, «экономист» біліктілігін алған
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы Сәтбаев қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы лауазымынан бастаған.
2010–2019 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы және ақпараттық технологиялар мен стандарттар бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019–2022 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеу және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру, ақпараттық технологияларды дамыту және цифрландыру бағытындағы жұмыстарға жетекшілік еткен.
2022 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде қызмет атқарып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысқан.
2026 жылғы ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлытау облысының қаржы басқармасының жекешелендіру және облыстық коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
