Махамбетов Нуржан Алиханович

    Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы

    Махамбетов Нуржан Алиханович
    Руководитель

    Махамбетов Нуржан Алиханович

    Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Махамбетов Нуржан Алиханович 1974 жылы Алматы облысы, Еңбекші-қазақ ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы экономисть – заңгер, құқық магистрі.

    Мансап
    Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласының Салық (Қаржы) органдар полициясы қызметінен бастаған.
    2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Мұнай және газ саласындағы бақылау жөніндегі №1 Аймақаралық салық комитеті бөлімінің басшысы.
    2005 жылы Алматы қаласының «INPRONET ASIA» ЖШС Бас директоры.
    2005-2006 жылдары Алматы қаласы, Салық комитеті Акциз басқрамасы Акциздік тауарлар және мұнай тауарлар акциздік әкімшілік бөлімінің бас маманы.
    2007 жылы Алматы қаласы Кеден бақылау департаменті Жетісу кедендік бекеті Алматы халықаралық әуе-жайының бас маманы.
    2012 жылы Алматы қаласы Қаржы полиция органдарында қызмет, жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті.
    2014-2016 жылдары Алматы қаласы Жемкорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаментінде.
    2017 жылы Астана қаласының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мен техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының сарапшысы, 2018 жылы Астана қаласының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кадр қызметі департаменті Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауды бақылау басқармасы басшысы.
    2018 жылы Астана қаласының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директордың орынбасары.
    2020 - 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы қызметін атқарған.

    2024 жылдың 17 қазанынан бастап Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының қызметіне тағайындалды.


    2018 жылы - «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен , сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша ЭҚСЖҚД Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросының грамоталарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері