Шамуханов Ренат Жұмағалиұлы

    Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Шамуханов Ренат Жұмағалиұлы
    Руководитель отдела

    Шамуханов Ренат Жұмағалиұлы

    Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Шамуханов Ренат Жұмағалиұлы 1991 жылы 7 мамырда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Үйленген, 1 баласы бар.

    1997-2008 жылдар аралығында Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылындағы №18 орта мектепте білім алған.

    Білімі жоғары. 2008-2013 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқыған.

    Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы «Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор болып бастап, 2013 жылға дейін еңбек еткен.

    2013-2020 жылдар аралығында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман.

    2020-2024 жылдар аралығында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары.

    2024 жылдың тамыз айынан бастап «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері