
Жексенова Айнұр Ерсайынқызы
Туризм саласындағы инвестицияларды тарту және ілгерілету басқармасының басшысы
Өмірбаян
1988 жылы 19 маусымда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Швейцария елінде (магистратура) «Туризм және бизнес саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша оқуды аяқтады.
2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2010 - 2014 жылдарда ҚР статистика агенттігі Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің сарапшысы.
2014 - 2019 жылдарда ҚР статистика агенттігі Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің бас сарапшысы.
2019 - 2020 жылдарда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ілгерілету, жарнама және маркетинг басқармасының бас сарапшысы.
2021 жылдан бастап ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм комитетінің туризм саласындағы инвестицияларды тарту және ілгерілету басқармасының басшысы.

