Балгабаева Айгуль Темирбулатовна

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

    Балгабаева Айгуль Темирбулатовна
    Руководитель

    Балгабаева Айгуль Темирбулатовна

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1987 жылы Ресей, Ставрополь өлкесі, Пятигорск қаласындағы «Пятигорск фармацевтикалық институтын» оқып бітірді. Біліктілігі-провизор.

    2002 жылы Астана қаласындағы «Еуразия гуманитарлық институтының» заң факультетін бітірген. Біліктілігі-заңгер.

    Маман сертификаттары бар:

    1. Жоғары санатты Фармация менеджері
    2. Денсаулық сақтау менеджері.

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

    1987-1995 жылдары Семей облысы Аягөз қаласындағы № 22 орталық аудандық дәріханада рецептуралық-өндірістік бөлімінің меңгерушісі.

    1995-2002жж. Астана қ. "Ромат" фармацевтикалық компаниясында, медициналық препараттар зауытының ОТК бастығы, Ақмола филиалының директоры.

    2002-2007 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде.

    2007-2009жж. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

    2009-2011 жылдары ҚР ТЖМ Орталық жол ауруханасында дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника басқармасының бастығы.

    2011-2013жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" РМҚК дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бастығы

    2013-2014жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Балбұлақ" Республикалық балаларды оңалту орталығы РМҚК директорының даму жөніндегі орынбасары.

    2014-2015жж. "Алматы қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК дәріхана меңгерушісі.

    2015-2016жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "онкология және радиология ҒЗИ" РМҚК, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету орталығының басшысы.

    2016-2017жж. Алматы облысының "Іле ОАА" ШЖҚ МКК, ауданның фармацевтика бөлімінің бастығы.

    2017-2019 жылдары Алматы қаласының өңірлік диагностикалық орталығының коммерциялық директоры.

    2019-2022 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, дәрілік заттар және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы және мониторинг және талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы.

    2022-2024 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі басқармасының басшысы.

    2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

    Тағылымдама Ресейде (Санкт-Петербург қ.), Ұлыбританияда (Лондон қ.), Данияда (Хиллерод қ.) өтті.