
Хамитов Бауыржан Нұрабайұлы
Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Өмірбаян
Жалпы мәліметтер
Хамитов Бауыржан Нұрабайұлы, 18.08.1986 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген.
Білімі, сыныптық шені:
-жоғары білімді(Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті), магистратура;
-әділет кеңесшісі.
Тілдерді меңгеруі:
-қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (ауызекі сөйлеу деңгейде).
Мемлекеттік наградалары:
жоқ.
Еңбек жолы:
2008-2009 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданы бойынша Салық басқармасының бас маманы;
2009-2012 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының бас маманы;
2012-2013 жылдары – Қарағанды облысы Балқаш қаласы прокурорының көмекшісі;
2013-2017 жылдары – Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі;
2017-2019 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторантурасында;
2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры;
2023-07.2026 жылдары – Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі Табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау басқармасының аға прокуроры;
07.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры.





