
Маханбетов Ғалымжан Төлеұлы
Шымкент гарнизонының әскери прокуроры
Өмірбаян
Маханбетов Ғалымжан Төлеұлы Түркістан облысының Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылында 1974 жылы туылған;
1997 жылы Қазақ мемлекеттік Заң Университетін аяқтаған;
2021 жылдан бастап Қырғызстан Республикасының И. Арабаев атындағы мемлекетік университетінің магистратурасында оқуда;
әділет полковнигі;
үйленген, 3 баланы тәрбиелеуде.
1997-2000 жылдары ҚР ІІМ-нің (МТК) ӘТБ-нің Шымкент бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі;
2000-2005 жылдары Шымкент гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі;
2005-2008 жылдары Шымкент гарнизонының әскери прокурорының орынбасары;
2008-2015 жылдары Гвардейск гарнизонының әскери прокурордың орынбасары;
2015-2017 жылдары Талдықорған гарнизонының әскери прокурордың орынбасары;
2017-2019 жылдары Батыс аймағының әскери прокуратураның аға прокуроры;
2019-2022 жылдары Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры;
2022 жылдың қазан айынан Шымкент гарнизонының әскери прокуроры.





