
Алиев Айдос Қайратұлы
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы
Өмірбаян
Алиев Айдос Қайратұлы 1991 жылы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
Білімім жоғары, 2013 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.
Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2009 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанты болып бастады.
2013 жылғы мамырдан 2016 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.
2016 жылғы қаңтардан 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
2016 жылғы шілдеден 2019 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің инженері.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы.
2021 жылғы сәуірден 2024 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы.
2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы.