Ибрагимов Фариз Тилапжанұлы

    Шығыс аймағының әскери прокуроры

    Ибрагимов Фариз Тилапжанұлы
    Қызметкерлер

    Ибрагимов Фариз Тилапжанұлы

    Шығыс аймағының әскери прокуроры

    Өмірбаян

    Ибрагимов Фариз Тилапжанұлы, 1982 жылы Актөбе облысы, Хобда ауданы, Калиновка ауылында дүниеге келген;

    2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін аяқтаған.
    2007 жылы Алматы қаласының экономика және статистика академиясын аяқтаған;

    2023 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын аяқтап, әскери іс және ұлттық қауіпсіздік магистрі дәрежесін алған;

    әділет полковнигі;

    отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

    2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Актөбе облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бөлімінің бас маманы, прокуроры.

    2006-2008 жылдары – Актөбе облысы Қобда ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі;

    2008-2012 жылдары – Актөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры;

    2012-2013 жылдары – Актөбе қаласы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;

    2013-2014 жылдары – Актөбе облысы Алға ауданы прокурорының орынбасары;

    2014-2015 жылдары – Актөбе облысы прокурорының арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі;

    2015-2017 жылдары – Актөбе облысы прокурорының аға көмекшісі – процестік прокурорлар бөлімшесінің басшысы;

    2017-2020 жылдары – Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры;

    2020-2021 жылдары – Бас әскери прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға әскери прокуроры, осы басқарма бастығының орынбасары;

    2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасында оқу;

    2023-2024 жылдары – Бас әскери прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының аға әскери прокуроры; Бас әскери прокурордың аға көмекшісі – жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау тобының жетекшісі;

    2024-2025 жылдары – Бас әскери прокуратураның мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы;

    2025 жылдың қазан айынан бастап Шығыс аймағының әскери прокуроры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері