
Бралиев Абзал Серикович
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы
Өмірбаян
Бралиев Абзал Серікұлы 1975 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша, 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
А.С. Бралиев еңбек жолын 2000 жылы Қостанай облысының ‹‹Дос+›› ЖШС ветеринарлық дәрігері болып бастаған.
2001-2001 ж.ж. ‹‹Дос+›› ЖШС мал шаруашылғы бойынша директор орынбасары;
2001-2002 ж.ж. ‹‹Дос+›› ЖШС өндіріс бойынша директор орынбасары;
2003-2005 ж.ж. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының туризм және спорт жөніндегі бас маман;
2005-2006 ж.ж. Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің меңгерушісі;
2006-2007 ж.ж. Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі меңгерушісінің м.а.;
2007-2008 ж.ж. Қаратөбе селолық округінің әкімі;
2008-2010 ж.ж. Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары;
2010-2014 ж.ж. Теректі ауданы әкімінің орынбасары;
2014-2015 ж.ж. ‹‹Сұңқар›› ЖШС-нің директор орынбасары;
2015-2017 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы ветеринарлық іс-шараларды жоспарлау талдау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімінің басшысы;
2017-2024 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары;
2024 ж. - қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы.
