
Өмірбаян
Өтешев Мадияр Амангелдіұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, «Жалпы медицина» және «Хирург» мамандығы бойынша интернатурадан М.Оспанова атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде өтті., сондай-ақ Іскерлік басқару магистрі дәрежесі бар.
Өз еңбек жолын 2004 жылы Жалпақтал ауруханасында хирург-дәрігер болып бастаған.
2005-2011 жылдар аралығында Теректі Орталық аудандық ауруханасында хирург дәрігері болып жұмыс істеді.
2011-2017 жж «Теректі ауданы орталық ауруханасы» директоры
2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры қызметін атқарды.