Абдрахманов Төреәділ Барлыбайұлы

    Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы

    Абдрахманов Төреәділ Барлыбайұлы
    Руководитель управления

    Абдрахманов Төреәділ Барлыбайұлы

    Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1998 жылы 13 тамызда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. 2019 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2019 жылы Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығында заңгер болып бастаған.

    2020-2021 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығының ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

    2021 жылғы 5 ақпаннан 2022 жылғы 6 сәуірге дейін Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.

    2022 жылғы 12 сәуірден 2023 жылғы 28 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының сарапшысы болған.

    2023 жылғы 1 наурыздан 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің автомобиль өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы техникасы басқармасының бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

    2024 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері