
Идресов Абдолла Хамиұлы
Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы
Өмірбаян
Идресов Абдолла Хамиұлы 1979 жылдың 9 қарашасында Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы жергілікті жоғары оқу орнының 2000 жылғы түлегі.
Еңбек жолын 2000 жылы Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында Сарытоғай орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2007-2010 жылдары аралығында мемлекеттік қызметте, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы болып, 2010-2013 жылдары аралығында бұқаралық ақпарат құралдары саласында басшылық қызметтер атқарып келді. Кейін, 2018 — 2021 жылдары Атырау облысы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры болып қызмет атқарды.
VII, VIІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы.





