Сеилханов Бауржан Толеуханович

    Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің әкімі

    Сеилханов Бауржан Толеуханович
    Аким

    Сеилханов Бауржан Толеуханович

    Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Сейілханов Бауыржан Төлеуханұлы 1963 жылы 9 қазанда Күршім ауданы, Қыстау-Күршім ауылында дүниеге келген.
    1980 жылы Маралда орта мектебін бітіріп, 1985 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының ветеринария
    факультетіне
    оқуға түсті, 1990 жылы аяқтады.

    1990-2003 жылдары Күршім ауданы Маралиха совхозы Пугачев фермасында малдәрігері, Целиноград ауылшаруашылығы интитуты ветеринария факультеті акушерлік және хирургия кафедрасында ассистент, ветеринария факультетінде декан орынбасары, Күршім ауданы «Маралды» кәсіпорны №3 фермасында аға мал дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы және Мемлекеттік тергеу комитетінде, Шығыс Қазақстан облысы сот – медициналық сараптама бюросында аудармашы-мұғалім, «Алтай Старательдері» артелінде жұмысшы, Күршім ауданы Маралды ауылдық округінде мал дәрігерлік инпекторы болып еңбек етті. 2003-2023 жылдары Күршім ауданы Маралды ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман іс –басқарушы, бас маман- мал дәрігері, бас маман-- ветеринар, ауылшаруашылығы және ветеринария сұрақтары бойынша бас маман, бас маман-лауазымдарында қызмет атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2023 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Күршім ауданының Маралды ауылдық округінің әкімі.