
Өмірбаян
Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаев 1983 жылы 8 қазанда дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. 2004 жылы "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
2006 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша А.Ясауи атындағы Мемлекеттік Халықаралық қазақ – түрік университетін бітірген.
2004-2007 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас маманы.
2007-2012 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі.
2012-2014 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2014-2018 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары.
2018-2022 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы.
2022-2023 жылдары - Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.
2024-2025 жылдары - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ұлттық кеңістіктік деректер қоры директорының орынбасары.
2026 жылғы 5 маусымнан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өнеркәсіп бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




