
Ибрагимов Бауыржан Бекмахамбетович
Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл су қоймалары" КММ директоры
Өмірбаян
1988 жылы туған.
"Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша "М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін" бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл Су қоймалары" КММ Байзақ бөлімшесінде инженер-гидротехник болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл су қоймалары" КММ Байзақ бөлімшесінің бөлім бастығы, Жамбыл облысы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Жамбыл ауданы "Талас-Аса" кәсіпорны директорының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл Су қоймалары" КММ директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылғы 24 сәуірде Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.





