Оразаев Медет Абдрахманович

    Амангелді ауылдық округінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы

    Оразаев Медет Абдрахманович
    Главный специалист

    Оразаев Медет Абдрахманович

    Амангелді ауылдық округінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы

    Өмірбаян

    Медет Әбдірахманұлы Оразаев 1991 жылы 28 наурызда Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында дүниеге келген. 08.06.2019 жылы академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша академиялық дәреже берілді.

    Еңбек жолын 2012 жылы Сарқан ауданы әкімдігінің «Сарқан ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Амангелді ауылдық округінде ветеринариялық санитар қызметінен бастады. Қызмет атқарған ұйым Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Пограничник ауылында орналасқан.

    2015 жылы «Сарқан ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Амангелді ауылдық округіне техникалық жұмысшы ретінде қайта қабылданды.

    2018 жылы Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық округіне қарасты Пограничник ауылында орналасқан «Еламан» ШҚ-на жұмысшы болып орналасты.

    2020 жылы жұмыстан босатылып, 2020 жылдың 09 қыркүйектен бастап Сарқан ауданы «Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жетекші маман болып орналасты, 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап Сарқан ауданы «Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бас маман болып ауысты, қазіргі таңда бас маман қызметін атқарып отыр. Қызмет атқарып отырған ұйым Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Пограничник ауылында орналасқан.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері