
Тұрлыбеков Бекежан Ардақұлы
«Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры
Өмірбаян
1993 жылы 02 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы "І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситетін" дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтаған.
2014-2016 жж. - «Алматы облысының жастар саясат орталығы» КММ-нің ұйымдастырушылық бөлімінің кеңесшісі; 2016-2018 жж. - "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-нің ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы; 2018-2022 жж. - "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-нің олимпиадалық спорт түрлері, спорттық резервтер және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы; 2022-2023 жж. - "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-нің олимпиадалық спорт түрлері, спорттық резервтер және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы; 2023 -қазіргі уақытқа дейін «Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры. |




