Бірімжанов Азамат Тоқышұлы

    Булаев қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Азамат Тоқышұлы Бірімжанов 1987 жылы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Суворовка ауылында дүниеге келген . Білімі жоғары, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын « ҚР ҰҚК Әскери институтының шекаралық бақылауды басқару» мамандығы бойынша, «Ш ет тілін білетін КҚ офицері» біліктілігі бойынша бітірген; 2014 жылы « Көкше » академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген .

    Еңбек жолы:

    09.07.2004 жылдан бастап 05.10.2013 жылға дейін Ақмола облысының Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің орталық аппараты, 2664 әскери бөлімі, офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарды.

    08.06.2015 жылдан 07.12.2015 жылға дейін « Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.

    07.12.2015 жылдан бастап 05.12.2017 жылға дейін – «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» ММ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі бас маманы.

    05.01.2018 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Сапро-НАТ» ЖШС учаскесінің бастығы.

    01.10.2020 жылдан 01.08.2024 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Сапро-НАТ» ЖШС Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша өндірістік учаскесінің басшысы.

    Мағжан Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясының Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласының сайланған әкімін тіркеу туралы 2024 жылғы 6 тамыздағы 90/14 шешімімен Булаев қаласының әкімі болып тіркелді .