Қарбаев Дастан Сәбитұлы

    Руководитель

    Өмірбаян

    Қарбаев Дастан Сәбитұлы Ақмола облысы Атбасар қаласында 1988 жылы дүниеге келді.

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар, 2014 жылы «Көкше» академиясын қаржы мамандығы бойынша, 2017 жылы «Тұран-Астана» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2013 жылғы қаңтар айында «Байтебенов» ЖК ретінде бастады.

    2014 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусым айына дейін «Компания Santrade» ЖШС директорының көмекшісі, «Занбарж» менеджері лауазымдарын атқарды.

    2016 жылғы шілдеден 2018 жылғы қазан айына дейін Астана қаласындағы «НұрОтан» партиясының Астана қалалық филиалында есеп бойынша техник, Астана қаласындағы «НұрОтан» партиясының «Нұр» филиалында консультант, Астана қаласындағы «Алматы» ауданының «НұрОтан» партиясы филиалының консультанты болып жұмыс істеді.

    2018 жылғы қарашадан 2020 жылғы маусым айына дейін – «Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

    2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы қыркүйек айына дейін –«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ бақылау-ұйымдастыру жұмысы және персоналды басқару қызметінің ұйымдастыру-хаттамалық қызметінің бас менеджері.

    2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы мамыр айына дейін –«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Әкімшілік және ұйымдастыру жұмысы департаментінің ұйымдастыру-хаттамалық қызметінің бас менеджері.

    2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы қарашаға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің орынбасары.

    Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.