
Әбдрашов Жәнібек Жарасқан-ұлы
Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінің Басшысы.
Өмірбаян
Ж. Әбдрашов 1977 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылдан ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульты лауазымынан бастаған.
2004-2006 жылдары ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, содан кейін 2014 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды.
2017-2019 жылдары – Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулы.
2019-2024 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2020-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымында қоса атқарушы қызметте болды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын тілін меңгерген.