
Өмірбаян
Жақыпбеков Ғалым Төреханұлы 1982 жылы 16 қазанда Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылында дүниеге келген. 1989-2000 жылдары Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектепте оқыды. 2000-2004 жылдар аралығында Орталық Азия университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыдым.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы ұланы қатарында азаматтық борышымды өтедім. 25.01.2008 жылдан 01.09.2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 2035 әскери бөлімінде келісім-шарт бойынша шекарашы қызметін атқарған.
2009 жылдың 1 қазанынан бастап Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы әскери есепші қызметін атқарды.
2010 жылдың 12 қарашасынан бастап Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2011 жылдың 10 ақпанынан бастап Тастандиев Т. ОМ спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
05.06.2011 жылдан бастап Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» Ақтөбе ауылдық округі ММ спорт және жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарды.
2011 жылдың 25 қазанынан бастап Жуалы ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» Ақтөбе ауылдық округінің ішкі саясат бөлімінің спорт және жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы қызметін атқарды.
28.10. 2011 жылы Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінің бас маманы болып жұмысқа қабылданды.
2016 жылдың 01 сәуірінде Ақтөбе ауылдық округі әкімінің КММ бас маманы қызметінен босатылып, ішкі конкурстың №3 хаттамасына сәйкес аппарат басшысы және бухгалтерлік есеп қызметіне қабылдандым. комиссия.
2024 жылғы 15 шілде Ел Үкіметінің №191 қаулысымен Ақтөбе ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.



