Тілеулин Рауан Манатұлы

    Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы

    Тілеулин Рауан Манатұлы
    Қызметкерлер

    Тілеулин Рауан Манатұлы

    Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы

    Өмірбаян

    1980 жылы 3 желтоқсанда туған. Р.Тілеулин саясат және халықаралық экономика магистрі дәрежелеріне ие.

    Өзінің дипломатиялық мансабын 2004 жылы бастаған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Консулдық қызмет департаментінің маманы және Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы қызметтерін атқарған.

    ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бас сарапшысы, Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі және Премьер-Министр Кеңсесі басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

    ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің Кенесші-уәкіл лауазымында екіжақты сауда-экономикалық мәселелерге жауапты болған.

    Бірінші дәрежелі кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

    Үйленген, екі қызы бар.