Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы

    Ақмая ауылдық округінің әкімі

    Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы
    Аким

    Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы

    Ақмая ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы 05.03.1984 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген.1991-2001 жылдары «Авангард» орта мектебінде білім алған.
    2002-2007 жылдары «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде инженер жерге орналастырушы мамандығы бойынша,
    2010-2012 жылдары «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында есеп және аудит мамандығы бойынша сырттай бітірген.

    Еңбек жолын 2007-2008 жылдары «Шиелі Жер Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер жерге орналастырушы болып бастаған. 10.03.2008-20.05.2008 жылдары Қызылорда қаласында «ГеоКод» акционерлік қоғамында инженер жерге орналастырушы,
    2008-2009 жылдары «Шиелі Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде таразы бақылау басшысы, 2010-2012 жылдары «Казсевавтодор» ЖШС филиалында геодезист, 2012-2014 жылдары «Казсевавтодор» ЖШС филиалында өндірістік техникалық бөлімінің инженері, 2016- 2017 жылдары «Шиелі кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары жөніндегі жетекші маманы, 2017-2021 жылдары кент әкімі аппаратында ұйымдастыру және шаруашылық бөлімінің басшысы, 2021-2024 жылдары кент әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2024 жылдың 9 шілдесінен бастап Ақмая ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.