
Өмірбаян
1983 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
2005 жылы «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл, соның ішінде мемлекеттік қызметте – 14 жыл.
Еңбек жолын 2005-2010 жылдары Павлодар қаласында «Қазақстан алюминийі» АҚ химия-металлургия цехының аппаратшысы болып бастаған.
2010-2011 жылдары – «Май ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы.
2011 жылы – «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жастар жөніндегі бас маманы, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы.
2011-2013 жылдары – Ақшиман ауылдық округінің әкімі, Павлодар облысы, Май ауданы, Ақшиман ауылы.
2013-2014 жылдары – «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан әкімі аппаратының жалпы сектор меңгерушісі, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы.
2014 жылы – «Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы.
2014-2017 жылдары – Баскөл ауылдық округінің әкімі, Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы.
2017-2018 жылдары – «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2018-2023 жылдары – Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі.
2023-2024 жылдары – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру секторының меңгерушісі.
2024 жылдың шілде айынан бастап осы бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалды.