
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Күреңбел ауылында 1989 жылы 04 қыркүйекте дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2011 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетін «тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша және 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласында "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС-дегі "Амангелді газ" объектісінің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі инженері қызметінен бастаған.
2015 жылы Күреңбекл ауылдық округі әкімінің аппаратының әскери есеп столының инспекторы маманы;
2019 жылы Күреңбел ауылдық округі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы;
2020 жылы Жетітөбе ауылдық округінің әкімі;
2022 жылдан 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
15 шілде 2024 жылдан бастап Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі