
Кошекбаев Кенжеболат Қуандықұлы
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы
Өмірбаян
Кошекбаев Кенжеболат Қуандықұлы, 1990 жылы 1 желтоқсанда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген, жоғары білімі бар.
2012 жылы Қаржы академиясы АҚ-н бітірді
Мансап
Еңбек жолын 2012 жылы жеке меншік ұйымдарда экономист қызметінен бастады.
2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманынан бастап басшы орынбасарына дейін қызмет атқарды.
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы лауазымында болды.
2023 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2022 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.



