
Құтпанов Дәурен Серікұлы
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
2003-2007 жылдары – ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушысы.
2007-2010 жылдары – Алматы облысы ДП Қарасай ауданы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі (аға тергеуші лауазымының есебінен).
2010-2012 жылдары – Алматы облысы ДП Қарасай ауданы ІІБ тергеу бөлімінің есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды тергеу тобының тергеушісі (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).
2012-2013 жылдары – Алматы облысы ДП Қарасай ауданы ІІБ Каменка полиция бөлімінің меншікке қарсы қылмыстарды тергеу тобының жедел уәкілі.
2013-2014 жылдары – Алматы облысы ДП қарамағына (резервке) шығарылды; Қарасай ауданы ІІБ қылмыстық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің жедел уәкілі.
2016-2018 жылдары – Алматы облысы ДП ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының ұйымдастыру-талдау тобының аға жедел уәкілі.
2018-2019 жылдары – Қарасай, Жамбыл, Іле және Балқаш аудандары бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).
2019 жылы Алматы облысы ДП қарамағына (резервке) шығарылды; Алматы облысы ДП ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
2019-2020 жылдары – Алматы облысы ДП Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстарды ашу тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
2020-2022 жылдары – Алматы облысы ДП Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.
2020-2021 жылдары – Алматы облысы ДП Балқаш ауданы полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы.
2021-2022 жылдары – Алматы облысы ДП Балқаш ауданы полиция бөлімінің бастығы.
2022 жылы Алматы облысы ДП және Алматы қ. ДП қарамағында болды.
2022-2023 жылдары – Алматы қ. ДП Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы.
2023-2026 жылдары – Алматы облысы ДП Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының бастығы.
2026 жылдан бастап – Алматы облысы ДП бастығының орынбасары.





