
Төрежанов Дәулет Сейдеғалиұлы
Новоселов ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1974 жылы 18 қаңтарда Қостанай облысы Науырзым ауданы Қараменді кентінде дүниеге келген . Қазақ. Білімі жоғары. 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған . Білімі бойынша мамандығы: "Халықаралық құқық", "Өрт қауіпсіздігі".
Еңбек қызметі
Еңбек жолын 1990 жылы Науырзым ауданы Авангард ауылындағы "Ақбұлақ" өндірістік кооперативінің №3 бригадасының тракторшысы ретінде бастаған .
03.07.1995 жылдан 05.12.1997 жылға дейін - "Ақбұлақ" ӨК қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері, Авангард ауылы.
03.05.1998 ж. бастап 28.07.2000 ж. дейін - "Турежанов Д. С" шаруа қожалығының басшысы.
12.10.2000 ж. бастап 25.08.2001 ж. дейін - Науырзым ауданы бойынша сақтандыру агенті, Қараменді кенті .
25.01.2002 ж. бастап 29.12.2023 ж. дейін - Қазақстан Республикасы ТЖМ органдарында қызмет атқарды .
29.12.2023 ж. бастап - азаматтық қорғау органдарының зейнеткері. Азаматтық қорғау полковнигі (запаста).
2024 жылғы 26 маусымнан бастап - Новоселов ауылдық округінің әкімі.