
Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы
Сәтбаев қаласының әкімі
Өмірбаян
Туған күні: 23.05.1991 ж.
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін металлургия бакалавры мамандығы бойынша бітірген;
2014 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша;
2021 жылы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қ. "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "Қарағандыцветмет" ӨБ "бас корпусы" үшінші разрядты флотаторы болып бастады.
10.2011 - 11.2012 ж.ж. Қарағанды қаласы "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "бас корпусы" бақылау цехының "Қарағандыцветмет" ӨБ ауысым шебері қызметін атқарды.
11.2012 - 10.2013 ж.ж. "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "бас корпусы" цехының бастығы, Қарағанды қ.
10.2013 - 06.2014 ж.ж. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Шығыстүстімет" ӨБ Орлов кеніші ҚҚ бас инженері, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы.
06.2014 - 01.2015 ж.ж. "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС Жезқазған байыту фабрикаларының №1,2,3 ЖЦМ ӨБ №2 "бас корпусы" цехының бастығы, Жезқазған қаласы.
01.2015 - 02.2017 ж.ж. Теміртау қ., "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "КЦМ" бойынша Нұрқазған байыту фабрикасының директоры.
02.2017 - 07.2024 ж.ж. Жезқазған қаласы, "Жезқазғанцветмет" ӨБ №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры.
Ұлытау облысы әкімінің 2024 жылғы 05 шілдедегі өкімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.



