
Каржасбаев Ринат Мұратұлы
"Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Қаржасбаев Ринат Мұратұлы, 1985 жылы 6 шілдеде туған. 2004 жылы Фемида заң колледжін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2018 жылы Орталық Қазақстан академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2012-2019 жылдары: «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің - бас маманы, сектор меңгерушісі;
2020-2022 жылдары: «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ (қазіргі Әлихан Бөкейхан ауданы) әлеуметтік сала бөлімінің басшысы;
2022-2023 жылдары: «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ этносаралық қатынастар және азаматтық сектор бөлімінің басшысы;
2023-2025 жылдары: Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары;
2025 жылғы 21 қазанда «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.