Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы

    Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округінің әкімі

    Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы
    Аким

    Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы

    Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1993 жылы қазан айының 18-і күні Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында дүниеге келген.

    2009 жылы аудандағы О.Жандосов атындағы орта мектебін тәмамдап, 2009 жылы Алматы қаласындағы Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатына түскен. 2011 жылы оны аяқтағаннан кейін Алматыдағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясына оқуға түсіп, «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы қызметінен бастаған.

    2018 – 2020 жылдары аталған округ әкімі аппаратының бас маманы.

    2020-2022 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып істеген.

    2022-2024 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

    2024жылғы24маусымнанбастапШамалғанауылдықокругініңәкіміболыптағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері