
Жылкибаева Алия Даниловна
Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жылқыбаева Әлия Данилқызы, 1978 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2012 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
А.Жылқыбаева өзінің еңбек жолын 2003 жылы Құқық қорғау органдарында бастады. 2008-2015 жылдары қарызды өндіріп алу жөніндегі салада жұмыс атқарған. 2014-2015 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы «Платсервис» ЖШС заң бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қызмет етті. 2019-2022 «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының жауапты хатшысы лауазымында қызмет етті.
2022 жылғы тамыздан 2024 жылғы мамырға дейін «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.