
Өмірбаян
Бақытжан Машрап – Қаскелең қаласының тумасы. 1995 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2017 жылы Қарасай ауданының құрылыс бөлімінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша практикант болып бастаған.
Одан кейінгі атқарған қызметтері төмендегідей:
2017-2018 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс бөлімінің көлік жүргізушісі; 2018-2021 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
2023-2024 жылдары – Алматы облыстық құрылыс басқармасына қарасты коммуналдық және ауылшаруашылық нысандарының құрылысы бөлімінде бас маман;
2024 жылдың ақпан-сәуір айларында – Қарасай ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы құрылыс бөлімі башысының міндетін атқарушысы болып қызмет атқарды.

