
Өмірбаян
Жүсіп Елдос Айтөреұлы 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келдім. Жоғары білім алу жолында Алматы қаласындағы "Шет тілдер және іскерлік карьерасы" университетінде "есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын:
2007-2008 жылдары Алматы қаласындағы "VENTCLIMA" ЖШС-де монтаждаушы;
2010-2016 жылдары Алматы қаласындағы республикалық "Айқын" газетінің инспекторы, дизайн-журналисі. Республикалық "Алты Алаш" газеті бас редакторының орынбасары;
2016-2021 жылдары Шиелі аудандық "Өскен өңір" газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылдың 10 қазанынан бастап, осы кезге дейін "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2024 жылдың 17 маусымынан бастап Еңбекші ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Отбасылы, 1 ұлы бар.