
Аким
Досқалиев Талғат Базарғалиұлы
Ақсуат ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Т.Досқалиев 1972 жылы 27 тамызда Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумын жаттықтырушы, 1996 жылы шекара әскерлері институтын жалпы әскери қолбасшы, 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Орал қаласындағы №1 мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастаған.
1995 – 2017 жылдары аралығында Ұлттық Ұланда взвод командирінен бастап, «Бүркіт» арнайы-ерекше мақсаттағы бөлімінің командирі қызметтерін атқарды.
2021 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Ақсай қаласындағы «SD-corporation» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі директоры болып қызмет етті.