
Рақышев Рүстем Ғалымжанұлы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі
Өмірбаян
19.01.1972 жылы Ақмола облысында туылған
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін Құқықтану мамандығы бойынша (1994), Т. Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген (2003)
-
- Кеңес ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы қ. (1995-1996);
- Ішкі істер органдарында қызмет, Алматы қ. (1996-1998);
- ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының консультанты, бас консультанты (1999-2000);
- ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің құқықтық ақпарат және халықаралық құқықтық ынтымақтастық бөлімі бастығының м.а. (2000-2001);
- ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі (2001-2002);
- Алматы қаласы, Алмалы ауданының прокуроры (2002);
- Алматы ауданының прокуроры, Астана қ. (2002-2006);
- Ақмола облысы, Степногорск қаласының прокуроры (2006);
- Алматы облысы, Қапшағай қаласының прокуроры (2006-2007);
- Алматы қаласы, Жетісу ауданының прокуроры (2007-2009);
- Алматы қаласы Әділет департаменті Алмалы ауданы әділет басқармасының бастығы (2009);
- Әділет департаментінің бастығы, Ақмола облысы (2009-2011);
- Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қ. (2011-2012);
- Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары (2012-2014);
- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары (қаржы полициясы) (2014);
-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2014);
- Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2014-2017);
- Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2017-2019);
- Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы (2019-2021);
- Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы (2021-2022);
- Прокуратура органдарындағы қызмет (2022-2024);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары (05.2024 ж.бастап қ/у).

