
Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы
Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысы
Өмірбаян
Әбсұльтанов Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 2014 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қазалы аудандық №5 кәсіптік лицейдің мұғалімі болып бастаған. 2013-2023 жылдар аралығында Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары, басшысы, Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды.





