
Сарқұлов Бейбіт Түркістанұлы
Қала әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Сарқұлов Бейбіт Түркістанұлы 1986 жылғы 24 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданының Қапалауылында дүниеге келген.
2008 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2010 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Consul ServiceGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңгер болып бастаған. Кейін аталған серіктестікте бас менеджер қызметін атқарған.
2013 жылы Алматы облысының жастар саясаты орталығында еңбек жолын жалғастырды. 2014–2015 жылдары «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында және Алматы облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Мемлекеттік қызметте еңбек ету кезеңінде мемлекеттік-құқықтық жұмыс, персоналды басқару, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссия қызметін ұйымдастыру бағыттары бойынша бас маман-заңгер, бас маман және бас инспектор лауазымдарын кезең-кезеңімен атқарды.
2024 жылғы қараша айынан бастап Алматы облысы әкімі аппаратының ТҚК қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарған.



