
Қаратаев Жәнібек Нұрмаханұлы
Қала әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Қаратаев Жәнібек Нұрмаханұлы 1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2013 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2017 жылы «Тұран» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 – 2013 жылдары «Алматы жер» мемлекеттік коммуналдық ұйымның техникалық қолдау тобының маманы болып бастаған.
2013 – 2014 жылдары «Алматы қаласының Ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-нің инженері ретінде қызмет атқарды.
2014 – 2016 жылдары Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, 2016-2019 жылдары бөлім басшысы.
2019 – 2021 жылдары Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бөлім басшысы, 2021-2022 жылдары басшысы орынбасарының м.а.
2022 – 2023 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы ретінде қызмет атқарды.
2023 – 2024 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы ретінде қызмет атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Алатау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарып келеді.

