
Саматов Жаслан Бахыткерейұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Саматов Жаслан Бахиткереевич – 1982 жылы туған. Білімі – жоғары. Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «агроэкология», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Орал қаласының жер қатынастар бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Қазақстан Республикасының әскери қызметінде - 18404 ә/б БТР-80 десанттық шабуыл взводы, десанттық шабуыл ротасы, десанттық шабуыл батальонының командирі;
- Қазақстан Республикасының әскери қызметінде - 41433 ә/б Барлау ротасы командирінің тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары;
- БҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау, авариялардың алдын алу және дүлей зілзалаларды жою басқармасы жанындағы аумақтақ қорғаныс батальоны штабының бастығы;
- "КСБ Груп" ЖШС-нің нұсқаушысы;
- "Жұмылдыру дайындығы және азаматық қорғаныс басқару қызметі" КММ аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы;
- Қазақстан Республикасының әскери қызметінде - 99250 ә/б жұмылдыру және аумақтық қорғаныс штаб бөлімінің басшысы;
- "Жұмылдыру дайындығы және азаматық қорғаныс басқару қызметі" КММ аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.
2024 жылдың 2 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының жұмылдыру даярлығы бөлімінің бөлім басшысы болып қызмет етеді.