
Жексенбинов Мухтар Тоқтарұлы
Басшы
Өмірбаян
Мухтар Тоқтарұлы Жексинбаев, 1963 жылы 17 қантарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы Шоқан Уәлиханов савхозында дүниеге келді.
1980 жылы Жансүгіров кентінде Сатпаев атындағы орта мектебін бітірді.
1983-1985 жж. Талдықорған заң техникумында құқықтану мамандығы бойынша оқу бітірді.
1993-1995 жж. Талдықорған заң институтында құқықтану мамандығы бойынша оқу бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 1980-1981 жылдары Ақсу тәжірбие шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1981 жылы Совет әскер қатарына шақырылды.
1981-1983 жылдары Совет әскерінің Германиядағы тобында әскер қатарында борышын өтеді.
Оқуды аяқтағаннан кейін, жолдама бойынша Семей облыстық Ішкі істер департаментіне қызметке қабылданды.
Ішкі істер органдарында 34 жыл қызмет атқарып, жасының жетуіне байланысты 2018 жылдың 27 наурызында зейнетке шықты.
2024 жылдың 01 наурызында «Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2024 жылдың 31 желтоқсанында «Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына тағайындалды.
Үйленген, үш баласы бар.
Ақпарат жақын арада салынады



