
Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы
ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы 1984 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2007-2007 ж.ж - Арал ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру-құқық және өндіріп алу бөлімінің бас маманы;
2007-2008 ж.ж - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы;
2008-2010 ж.ж - Қармақшы ауданы бойынша салық комиетінің салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің жетекші маманы;
2010-2011 ж.ж - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар және салық төлемгерлерімен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы;
2011-2011 ж.ж - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы;
2011-2013 ж.ж - Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданы әділет басқармасының бас маманы және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ-на мониторинг бөлімінің бас маманы.
2013-2015 ж.ж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;
2015-2020 ж.ж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2020-2024 ж.ж - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары;
2024 жылдан бастап – ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі.