
МАЙЕР ВЛАДИМИР АЛЕКСАНДРОВИЧ
Құрметті азамат
Өмірбаян
"Витязь" шаруа қожалығының басшысы. Владимир Александрович жыл сайынғы мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын орындау бойынша жетекші орындардың бірін алады. Астықты мемлекеттік резервтік қорға және облыстық тұрақтандыру қорына тапсырады. Еңбекті шебер ұйымдастырудың, өндірістің жаңа технологияларын қолданудың арқасында "Витязь" шаруа қожалығы аудандағы үнемді шаруашылықтардың бірі болып табылады. Қоғамдық негізде Владимир Александрович ауылды көгалдандырумен айналысады, округ тұрғындары үшін демалыс орнын ұйымдастырды. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Бородулиха ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. 2009 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен "Ерен еңбегі үшін"медалімен марапатталған.





